Суретші-қолөнерші Николай Гончаров көрмені өзінің 75 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырып отыр. Көрмеге автордың монументалды өнер, көрнекті тұлғаларға және елеулі тарихи күндерге арналған медальдары мен плакеткалары, металлопластик, зергерлік бұйымдары, этюдтық суреттеріжәне оның шәкірттерінің жұмыстарықойылған.
Николай Гончаров - ҚР суретшілер одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, көптеген облыстық, өңірлік және республикалық көрмелердің қатысушысы.
Қазіргі таңда Николай Васильевич А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің жетекші оқытушыларының бірі.Н.Гончаров - суретші және тамаша мұғалім, ол балаларға өзінің бар білімін және күш-жігерін жұмсайды, оларды өздігінше ойлауға және әсемдікті көруге үйретеді. Экспозицияның көп бөлігіноның шәкірттерінің туындылары құрайды, бұл-тастағы композициялар, қағаз пластикасы және флористикадағы композициялар.Олардың арасында дизайнер, сәулетші,суретшіқызметін тандаған ізбасарлары да бар.Суретшінің барлық шығармалары, сондай-ақ оның оқушыларының шығармалары оның шығармашылық табиғатының жарқын үлгісі.Автордың туындыларынан үлкен жүрек және іскер қолдары арқылы өз ойын жеткізе білген нағыз шебердің шексіз шабытын байқауға болады.