Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Тобыл жағасындағы қала» өзен трамвайындағы трэвел-экскурсия.

15.07.2022
«Тобыл жағасындағы қала» өзен трамвайындағы трэвел-экскурсия.

2022 жылдың 14 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейi "Шағала" жағалауымен серуендеп жүрген жас қостанайлықтар үшін өзен трамвайымен «Тобыл жағасындағы қала» атты трэвел-экскурсия өткізді. Бұл қалаға ерекше қырынан қарауға, дала кеңістігіндегі шағын қаладан қазіргі заманғы өнеркәсіптік-сауда және мәдени орталыққа айналған туған Қостанайдың тарихына қысқаша саяхат жасауға жақсы мүмкіндік берді. Экскурсияға қатысушылар өткенге бұл қызықты саяхат олардың серуенін тек жағымды ғана емес, сонымен қатар қызықты еткенін атап өтті.

 

Кейде туған қаламызда жылдар бойы тұрып, оның ерекшеліктерін байқамаймыз, жергілікті көрікті жерлері туралы да аз білеміз. Трэвел-экскурсияның барлық қатысушылары өзеннің балғын ауасымен тыныстап, күні бойына жететін күш-қуатқа бөленді!