Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Тәуелсіздік күні 2014

06.02.2015
Тәуелсіздік күні 2014

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекетіміздің негізгі мерекесі болып табылады.

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ҚР Тәуелсіздік күніне арналған бір қатар іс-шаралар топтамасын өткізуде.

2014 жылы 11 желтоқсанда мұражай кызметкерлері Қостанай қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне «Желбіре, Тәуелсіздік жалауы» атты мұражайлық викторина-ойынын өткізді. Балалар күрделі емес сұрақтарға жауап беріп, «күміс салу» ұлттық ойынын ойнады. Шара соңында тәтті сыйлықтар беріліп, мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

2014 жылы 12 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері А.С.Пушкин атындағы балаларға арналған кітапханада №4 ОМ жоғары сынып оқушылары үшін іс-шара өткізді. Шара жарыс түрінде «командалардың сәлемі», «білгірлер сайысы», «даналар мен шешендер», «тарихи тұлғаны таны» сияқты төрт сайыстан тұрды. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақстан тарихынан алған білімдерін дәлелдеді, мақал-мәтелдерді жатқа айтты. Соңында командаларға мақтау қағаздары тапсырылды.

12 желтоқсанда сағат 15-00-де мұражай қызметкерлері осы мерекені Қостанай қаласындағы Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өткізді. Белсенділік танытқан балаларға тәтті сыйлықтар беріліп, командаларға мақтау қағаздары тапсырылды. Барлық іс-шаралар мультимедиялық презентациямен өтті және еліміздің тәуелсіздік жетістіктері туралы фильмдер көрсетілді.

Галерея изображений