"Баян сұлу" компаниясы елiмiздегi iрi кондитерлiк фабрикалардың бiрi болып саналады. Бұл фабриканың жұмыс iстеп келе жатқанына қырық жыл болды. Бүгiнде тәттi өнiмдердi өткiзуден Қазақстан нарығында алғашқы орындардың бiрiнде.
2015 жылы 13 қаңтарда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Баян сұлу» Қостанай кондитерлік фабрикасы АҚ құрылу тарихына арналған «40 жыл тәтті өмір» атты көрме ашылды.
Көрмеге фабриканың негізі қаланған кезінен қазіргі уақытқа дейінгі қызметкерлері мен цехтарының фотосуреттері, халықаралық көрмелерден алған марапаттары, тәтті өнімдердің орауыш қағаздарының түрлері, кондитерлердің жұмыс киімдерінің үлгілері қойылған.
Іс-шараға Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі студенттері, мәдениет қызметкерлері қатысты. «Баян Сұлу» фабрикасының директоры Александр Пыльский жұмысы ілгері басқан фабриканың бүгінгі тарихы туралы әңгімеледі.