Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Түрлену» дизайн-визажист А. Черепахинаның  жұмыстарының дербес фотокөрмесі

05.03.2022

2022 жылдың 4 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде дизайн-визажист Анастасия Черепахинаның «Түрлену» атты дербес фотокөрмесі ашылды. Әйел сұлулығы мен сүйкімділігіне арналған көрме 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орайластырылған.

«Түрлену» көрмесінде сұлулық индустриясында жұмыс істейтін жас суретші Анастасия Черепахинаның әйелдердің фейс-арт стиліндегі портреттік бейнелерінің 20 фотосуреті ұсынылды.

Фейс-арт - бетке сурет салу өнері ретінде - боди-арттың авангардтық  өнерінің кең таралған түрлерінің бірі. Оның тарихы ерте ғасырлардан бастау алады. Тас дәуірінің өзінде адамдар жартастағы суреттермен қатар табиғи пигменттер - көмір, саз, жоса, өсімдік бояуларымен беттері мен денесін бояған. Бақсылардың ғұрыптық-салттық суреттері, көсемдердің бет-әлпетіндегі мәртебелік өрнектер, ежелгі жауынгерлердің әскери бояуы - мұның бәрі көне фейс-арт өнерінің үлгілері.

 

  Арнайы көркем бояулар мен косметиканың органикалық үйлесімі визажист Анастасия Черепахинаға әдемі бейтаныс әйелдердің таңғаларлық, қиял-ғажайып бейнелерін жасауға көмектесті. Автордың  шығармашылығымен таныстыруға «Rosmodel Костанай» модельдік агенттігінің фотографтары В. Крывко, А. Кукуруза, М. Иванов, М. Гута  қолдау көрсетті.