8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне және Қазақстандағы балалар жылына арналған  «Әйел көзқарасы» ФотоАрт интерактивті акциясы

05.03.2022
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне және Қазақстандағы балалар жылына арналған  «Әйел көзқарасы» ФотоАрт интерактивті акциясы

2022 жылдың 4 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне және Қазақстандағы Балалар жылына орай «Әйел көзқарасы» интерактивті ФотоАрт акциясы өтті.

Фотокөрмеде қостанайлық фотограф арулардың үздік жұмыстары ұсынылды. Экспозиция 30-дан астам фотосуреттерді қамтыды, онда әйел сүйіспеншілігімен көзге түсетін алаңсыз балалық шақтың ең бақытты және ең жарқын сәттері түсірілген. Мерекелік іс-шараға шақырылған отбасылар тосыннан жасалған ФотоАрт студиясында фотоға түсіп, фото-жиектемелер жасау бойынша шеберлік сабағына қатысты.

 

Музейге келген бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлінді. Балалар ойыны алаңында олар өз қызығушылықтарына қарай шыныға құммен сурет салып, өз арманындағы үйдің қызықты құрылымын жобалады, «Шежіре» құрастырып, музыкалық ойындарға қатысты. Акция барысында кішкентай өнерпаздар ән айтып, би билеп мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін25   Кеше171   Бір аптаның ішінде724   Айында5350   Барлығы295473  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі