ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында 2021 жылдың 23 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде онлайн форматта танымал қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Александр Захарченковтың "Түрленген бояулар" атты дербес мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Александр Захарченков – кескіндемеші, график, монументалист, Қостанай Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты. Ол аймақтық, облыстық, бүкілодақтық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Суретшінің жұмыстары Қостанай, Көкшетау, Мальборк (Польша) қалаларындағы музейлерде, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Англия, Германия, Польша, Чехия және Эфиопияның жеке жиынтықтарында сақталған.
Көркемдік іспен қатар Александр Васильевич ұстаз. Бұрын ол Қостанай мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және сызу факультетінде сабақ берген, ал қазіргі уақытта Қостанай құрылыс колледжінде жұмыс істейді.
Александр Васильевичтің туындыларының ерекше түстер құрылымы бар, күн сәулесімен толтырылған суреттер өміршеңдікпен және шабытпен таңғалдырады. Суретші табиғаттан, көбінесе нобайлар мен дайындық этюдтері сатысын айналып өтіп кенепке жазады. Ол табиғаттың түс құрылымын және түсін сақтай отырып, оларды кенепте сенімділікпен жеткізеді, бұл шындық пен табиғи сезімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Александр Васильевичтің табиғаты руханият пен поэзияға толы, табиғат әлемі шексіз алуан түрлі, ол әрқашан өзінің парасатты және мінсіз үйлесімділігімен әдемі болып қала бермек.
«Түрленген бояулар» көрмесі галереяның екі қабатында орналасқан және бір ай бойы жұмыс істейді.