Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Пленэр-2021» - облыстық көркемсурет жобасы аясында өлкенің табиғи ландшафтын насихаттау және музей қорын толықтыру мақсатында қостанайлық суретшілер 2021 жылдың 26-сы мен 30-шы шілде аралығында Ұзынкөл ауданына барды. Жобаға ҚР Суретшілер одағының мүшелері, суретші-кескіндемешілер - Вадим Быков, Александр Захарченков, Дмитрий Шалунов, сонымен қатар Анатолий Счастливцев, Олег Кусков, Сергей Попов және жас суретшілер Оксана Тренина мен Алина Николенко қатысты.
Пленэрдің ұйымдастырылуы суретшілердің Қостанай облысының көркем жерлеріндегі этюдтердегі табысты жұмысына ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің өзекті мәселелерін талқылауға, бірлескен шығармашылық үдерістен алған жарқын әсерлерге де ықпал етеді.