Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Суретші Александр Захарченковтың «Акварельдің шынай түстері» атты шеберлік сабағы

17.08.2021
Суретші Александр Захарченковтың  «Акварельдің шынай түстері»  атты шеберлік сабағы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 16 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде қостанайлық танымал суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Александр Захарченковтың «Акварельдің шынай түстері» атты шеберлік сабағы өтті.

Суретші қылқаламның асқан шеберлігін, пейзаждық кескіндеме жасауда өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті.

Ол суретші жұмысының ерекшелігі, шығармашылық ізденісі, авторлық қолтаңбаның ерекшеліктері туралы айтып, акварель техникасын меңгеруді бастаған суретшілерге кеңес берді.

Акварель кескіндеменің басқа түрлерінен әртүрлі техникалық әдістермен ерекшеленеді. Жеңіл бояу жұмысқа атмосфера мен ашықтық береді. Акварель бояуы кескіндеме мен графика арасында айтарлықтай орын алады, олардың ерекшеліктерін біріктіреді. Бұл техникада қолданылатын ақ қағаз көбінесе бастапқы материал ғана емес, сонымен қатар бейнелеу құралдарының бірі болып табылады. Пайдаланылған түстердің бай градациясы оны кескіндемемен байланыстырады.

Көрерменге пейзаж және басқа да композицияларды салудың қызықты шығармашылық процесін байқауға мүмкіндік беріледі, бұл шеберлік сабақтың басты ерекшелігі болып табылады.