2021 жылы 16 тамызда «Ерліктің Отаны - Батырдың Отаны» атты еске алу және ризашылық халықаралық эстафетасы аясында Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Леонид Беда - аспанға берілген өмір» Халықаралық практикалық онлайн конференциясы өтті. Конференцияға - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) доценті, «Ерліктің Отаны - Батырдың отаны» еске алу және ризашылық халықаралық эстафетасының халықтық дипломатиялық бастамасының ұйымдастырушысы және үйлестірушісі А.Е. Ужанов; тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.М. Легкий; Янка Купала атындағы Лида аудандық кітапханасының бас библиографы Г.Р. Курбыко, сонымен қатар облысымыздағы кітапханалар мен архив қызметкерлері және мұғалімдер, Беларусия Республикасының Гродненск облысындағы Лида қаласының өкілдері қатысты. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері батыр-жерлесіміздің қорда сақталған фотосуреттері, құжаттары мен жеке заттары туралы айтып берді.