Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні. 1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президенті, Жоғарғы Бас Қолбасшы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштер құру туралы Жарлық шығарды. 7-мамыр 2012 жылдан бері ресми түрде мемлекеттік мереке болыпп тойланып келеді.
2018 жылдың 4 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Қостанай облыстық Шекара қызметінің №2030, 2039 «А» ә/б офицерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға Қостанай қаласының №14 ОМ-нің мектепке дейінгі дайындық бөлімінің балалары қатысты. Кездесу барысында Қазақстанның Қарулы Күштері мен әскери құрылымының қалыптасуы, дамуы жайлы ақпараттар берілді, шекарашы-офицерлер еліміздің шекарасының қауіпісіздігін, тұтастығын қырағылықпен күзететін шекарашылар мамандығы туралы қызықты әңгімеледі.
Барлық сауалдар бойынша Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің мына телефондарына хабарласыңыздар: 500-389, 501-023
Алтынсарин көшесі, 115