Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Мәңгі жадымызда, жүрегімізде» Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне арналған музей мерекесі

04.05.2018
«Мәңгі жадымызда, жүрегімізде»  Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне  арналған музей мерекесі

Уақыттың өз жады – тарихы бар. Сондықтан әлем әр дәуірде ғаламды дүр сілкіндірген қасіретті еш ұмытпайды. Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл, Ауғанстаннан әскерлеріміздің шығарылғанына 29 жыл толады.

2018 жылдың 3 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Д.П. Наприенко мен М.И. Подоляковті және Ауғанстандағы жауынгерлік іс ардагерлері: Л.К. Гервик, Б.Р. Утина, В.А. Пряхин, М.Е. Жубанышев, А.Г. Плотников, К.А. Кемелбековті мерекемен құттықтады.

Мереке барысында қатысушылар соғыс ардагерлерімен әңгімелесіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя алды.

Барлық сауалдар бойынша Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің мына телефондарына хабарласыңыздар: 500-389, 501-023
Алтынсарин көшесі, 115