Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шабыт пен шығармашылық галереясы» атты көрмесінің ашылуы

28.08.2018
«Шабыт пен шығармашылық галереясы»  атты көрмесінің ашылуы

Қостанайда қала күнін мерекелеу қарсаңында 2018 жылы 24 тамызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөліміне 10 жыл толуына арналған «Шабыт пен шығармашылық галереясы» атты көрменің ашылуы өтті. Экспозицияда Картина галереясы ашылғаннан бергі аралықта тақырыптық және дербес көрмелерге ұсынылған суретшілердің туындылары көрсетілген.

Суретшілер мен көрме залының қызметкерлері шығармашылық одақта 10 жыл бойы бірлесе жұмыс жасап келеді, осы жылдар аралығында 250-ден астам іс-шаралар өткізілді: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, фотосуреттер және балалар шығармашылығынан дербес және тақырыптық көрмелер. Олардың ішінде аудандардағы, облыстардағы және Қазақстанның басқа қалаларындағы (Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Петропавловск) жылжымалы көрмелер, шығармашылық кездесулер, суретшілердің жыл сайынғы пленэрі және жастардың шығармашылық байқауы бар.

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.