Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар.
ҚР Конституциясы күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мүгедек жандарға әлеуметтік көмек көрсету орталығының балалары мен жасөспірімдеріне арнап «Ата заң – ел тірегі» атты патриоттық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты балаларға Конституция ұғымы, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Музей мерекесіне қатысушылар Конституция заңына байланысты викторина сұрақтарына жауап беріп, ҚР мемлекеттік нышандары туралы кроссвордтарды шешуге белсенді қатысты. Іс-шара барысында балалардың құқықтары туралы, Қазақстанның мәдени мұралары туралы бейнероликтер көрсетілді. Мереке соңында балалар «Туған жер» әнін шырқады.