«Шаңырақ шаттығы» - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай этнографиялық жоба

28.04.2022
«Шаңырақ шаттығы» - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай этнографиялық жоба

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан  бұл мейрамның маңызы зор.

 

Бүгін, мереке қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Шаңырақ шаттығы» атты  этнографиялық жоба өткізді. Шараға Қостанай облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Олар өздерінің өнерлерімен қатысушыларға тамаша, жарқын әсер қалдырды. «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің қауымдастығында әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары  лезгинка және басқа да әдемі кавказ билерін үйренетін «Кішкентай қыран» бишілер тобы бар, бүгінгі шарада олар көрермен назарына «Лезгинка» биін ұсынды,  «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі өз халқының тарихына тоқталып, «Сабантуй» салт-дәстүрін көрсетті. Сондай-ақ «Тарлан» хореографиялық ансамблі қонақтарды қазақ халық биімен қуантты.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін25   Кеше171   Бір аптаның ішінде724   Айында5350   Барлығы295473  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі