Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Сары шымшық күні» - музей сабағы

10.11.2017
«Сары шымшық күні» - музей сабағы

12 қараша славян халықтарының күнтізбесінде «Зиновий – синичник» деп аталады. Ежелгі ырымдар бойынша сары шымшықтар орманнан адамдар мекеніне ұшып келіп, көмек күтсе қыстың жақындағаны. «Сары шымшық күні» экологиялық акциясы өлкемізде қыстайтын құстарға: сары шымшық, пайызторғай, суықторғай, жорғаторғай, шекілдек, сарнауық торғайларға арналған.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сары шымшық күні» атты музей сабақтарының топтамасы өтті.

Сабаққа қатысқан №2 мектеп-лицейінің оқушылары қыстайтын құстар туралы көптеген мәліметтер алып, олардың дауысын тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар балаларға құстардың қыстап шығуына көмек ретінде қолда бар материалдардан құстарға арналған жем салатын астаудың қалай жасалатындығы көрсетілді.

Галерея изображений