2019 жылдың 15 тамызынан 31 қазанына дейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және «Жастар жылы» аясында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың Республикалық «Жас Толқын» байқауын өткізді.
«Жас Толқын – 2019» байқауына 131 жас суретшілер қатысты. Іріктеу кезеңінен кейін жүлделі орындарға 73 үміткер болды. Байқауда республика қалаларының авторларының жұмыстары ұсынылды: Нұр - Сұлтан, Алматы, Шымкент; аймақтар: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан. «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін», «Сәндік және қолданбалы өнер» номинациялары бойынша «Жас Толқын - 2019» республикалық байқауының дипломаттары бағалы сыйлықтармен марапатталды, байқаудың іріктеу кезеңінен өткен барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен орындар келесі тәртіп бойынша бөлінді: гран-при иегері қостанайлық Арина Вакерова Құрмет дипломымен және 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.
Орындар келесі ретпен бөлінді:
«Кескіндеме» номинациясы бойынша -
1-ші орын - Нұркенова Асель, Лисаков қ.
2- орын - Кладченко Елена, Лисаков.қ.
3- орын - Мағзұмова Алтынгүл, Арқалық қ.
«Графика» номинациясы:
1-ші орын - Темірғалиев Ерсін, Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
2-ші орын - Ткаченко Марина, Қостанай қ.
3-ші орын - Садовникова Екатерина, Қостанай қ.
«Сәндік және қолданбалы өнер» номинациясы:
1-ші орын - Тажиева Мариям, Нұр-сұлтан қ.
2-ші орын - Миллер Инна, Қостанай қ.
3-орын - Будзевич Ольга, Қостанай қ.
«Мүсін» номинациясы:
1-ші орын - Кислицин Егор, Қостанай қ.
2-ші орын - Мұрашбеков Абылай, Нұр-сұлтан қ.
3-ші орын - Бекмұхамбет Жандос, Қостанай ауданы.