Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтіледі. Бұл мемлекеттік мереке 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы жетістіктерін тану мақсатымен бекітілген.
2 желтоқсан күні «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасында апта сайын шығатын «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметі, Тәуелсіз Қазақстанды құруда және дамытудағы Елбасының айрықша рөлі туралы әңгімелеп берді.