Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Әлжан Байғурин туралы «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында

09.12.2020
Әлжан Байғурин туралы  «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында

2020 жылдың 9 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қоғам қайраткері, ғалым, дәрігер, педагог Әлжан Махмұтұлы Байғурин туралы музей қорындағы құжаттар және фотоматериалмен таныстырды.     

Әлжан Байғурин 1896 ж. Торғай облысының Николаев уезі Дамбар болысының №5 ауылында, қазіргі Қостанай облысының Б.Майлин атындағы ауданында дүниеге келген.

Қостанайдағы орыс-қазақ училищесін, реалдық училищені, Ташкенттегі Орта Азия университетін, Ленинград  медицина институтының аспирантурасын аяқтаған. «Ақ жол» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, Қостанай қаласында дәрігер, Қазақ АКСР денсаулық сақтау халық комиссариатында, туберкулез диспансерінде қызмет атқарады. 1935-1937 ж. Алматы медицина институтының клиникасының дәрігері және кафедра меңгерушісі болды. 1938 жылдың қараша айында саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болды. 1956 жылы 6 қазанда есімі қайта ақталды.  

Көрермендерге қоғам қайраткері, дәрігер Әлжан Байғуриннің өмірі мен қызметі туралы мол мағлұматтар берілді.

https://www.instagram.com/tv/CIkflI6gK5h/?utm_source=ig_web_copy_link 

https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/968484483642434

https://vk.com/video397862586_456239275