2016 жылдың 15 мамырында картина галереясында ҚР суретшілер Одағының мүшесі Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығын алу үшін жас суретшілер байқауының қорытындысы өтті. Байқау Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.
Атаулы сыйлық Қостанай облысының бейнелеу өнерін дамыту, жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында тағайындалған. Сыйлықты ҚР суретшілер Одағының мүшесі Ю. Новоселов тағайындады және бір жанр бойынша - еркімен бейнелеу өнері түрінде, түрлі техникада орындалған портретке берілді. Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жас суретшілер қатысты. Байқау женімпаздары: Галбен Владислав – 1-ші дәрежелі диплом, Рерих Александр – 2-ші дәрежелі диплом, Кислицин Егор - 2-ші дәрежелі дипломмен, ал Арқалық қаласынан Әлжапар Данияр көрермеңдер көзайымы дипломымен марапатталды.
Жұмыстарды талқылау және байқау қорытындысын шығару үшін осы шараны өткізуге бастамашы болған Ю.Новоселов пен ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы басқармасының өкілдерінен тұратын арнайы сараптау кеңесі құрылды. Сонымен қатар байқау қорытындысын шығаруға қатысуға және сараптау кеңесінің шешімінен тәуелсіз өздерінің сыйлықтары мен дипломдарын табыстауға басқа жеке тұлғалар мен ұйымдар: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Квадрум» багет шеберханасының директоры Александр Нам және Спектр дүкені шақырылды.