2017 жылы 9 ақпанда сағат 15.00-де картина галереясында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Ақ пен қара» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Галереяның екі қабатында да суретші шығармашылығының әр жылдардағы 80-нен астам графикалық туындылары ұсынылды.
Графикалық өнер жеке сала ретінде суретті, сондай-ақ әр түрлі баспа графикасының түрлерін: ағашқа жасалған өрнек, металға салған нақыш, литография, линонақыш т.б. біріктіреді. Графика тілі - бұл сызық, штрих, сұлба, дақ және рең. Ақ қағаз графика туындыларынан жалпы әсер қалдыруға белсенді түрде қатысады. Сурет әсерлігіне қара түсті қолдану арқылы да қол жеткізуге болады. Сондықтан графиканы ақ пен қара өнері деп те атайды.
Георгий Михайлович Соковтың сөзінше, қазіргі көрмелерде графика сирек ұсынылады, өйткені кез келген заманауи суретші күрделі, әрі көп еңбекті қажет ететін нақыш техникасында жұмыс жасауға бел буа бермейді. Сондықтан автор өзінің 41-ші көрмесін графика өнеріне арнап отыр. Мұнда түрлі жанр мен техникаларда орындалған нақыштаңбалар ұсынылады. Мысалы, «Ронсардың өлеңдеріне» линонақыш топтамасы, А. Пушкин мен М. Булгаковтың танымал туындыларына арналған парақтар және т.б.
Г. Соковтың графикалық туындыларының сюжеттерінде дала салт аттылары, рыцарьлар, авторды толғантатын әдеби кейіпкерлер жиі кездеседі. Суретші туындыларына жоғары орындау мәдениеті, бай қиял, мәнерлілік, ақ пен қара түстердің кереғарлығы тән. Ол мысқылшыл, ашулы, сыршыл бола алады, оған тұрмыстың және өмірдің асқақ тұстарына қол жеткізу оңай.
«Ақ пен қара» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.