Қостанай қаласының бейнелеу өнерінде маңызды мереке аталып өтті!
2016 жылдың 29 қаңтарында қостанайлық танымал суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Михайлович Соков 75 жасқа толды. Сол күні картина галереясында «Менің үш тағаным» атты дербес көрмесі ашылды.
Көрме картина галереясының екі қабатында да орналасқан, онда 1986-2016 жылдар аралығында орындалған 70-тен астам кескіндеме мен графика туындылары ұсынылды. Барлық туындыларды тамашалай отырып, тәнті болған көрермен бұл туындылардан алып ұшқан көңілді, құмарлықты, зиялылық пен автордың қайталанбас шығармашылық қолтаңбасын көреді.
Көрмеде суретші үшін оның шығармашылығындағы ең қымбат тақырыптардағы картиналар топтамасы ұсынылған. «Мен үшін алланың әмірімен жаратылған үш дүние: адамзат баласынан – сырын ашып болмайтын әйелдер; жануарлар арасынан – екінің біріне бағына бермейтін арғымақтар; өсімдіктер әлемінен – күнбағыстар өмірде де, шығармашылықта да басты тақырып болып қала бермек», - дейді суретші. Георгий Соковтың суретші шеберлігімен орындалған әрбір туындысы күш-қуат, сезім және өмірді түсінумен ерекшеленеді.
Көрменің салтанатты ашылуына көптеген қонақтар Г. М Соковтың достары мен суретшінің талантын құрметтеушілер келді. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әміренова Гүлнәр Қабдуалиқызы жоғары кәсіби жетістіктерін және мерейтой иесінің азаматтық өмірлік ұстанымын атап өтіп, мықты денсаулық және шығармашылық ұзақ өмір тілей отырып, мерекелік сыйлық табыстады.
Георгий Михайлович - Қостанай мемлекеттік педагогикалық колледжінде 15 жылдан астам уақыт сурет, кескіндеме пәндерінен тәлім береді, студенттер құрмет тұтатын ең үздік оқытушылардың бірі.
Г. М. Соковты құттықтау үшін оның әріптестері, мәдениет бөлімінің меңгерушісі С. М. Доспанова және студенттер келді.
Мерейтой иесін ең жақын досы – «Қостанай баспа үйі» ЖШС-нің директоры А.В.Тарасенко құттықтап, жылы лебіз білдірді.
Георгий Соковтың «Менің үш тағаным» атты дербес мерейтойлық көрмесі картина галереясында бір ай бойы жұмыс істейді.