Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қазақстан - тәуелсіз мемлекет» Зияткерлік байқау

29.01.2016
«Қазақстан - тәуелсіз мемлекет» Зияткерлік байқау

Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде тарихи дамуда қазақстандықтар ерекше серпіліспен жұмыла еңбек етіп қуатты, өскелең, қазіргі заманғы мемлекет құра білді.

Жыл басынан бастап барлық елдерде мерейтойлық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

29 қаңтарда құрылыс колледжінің студенттері үшін «Қазақстан - тәуелсіз мемлекет» атты 6 кезеңнен тұратын: «Командалардың амандасуы», «Білгірлер жарысы», «Даналық пен шешендік», «Тарихи тұлғаны танып біл», «Капитандар жарысы», «Сен - маған, мен - саған» мұражайлық зияткерлік байқауын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан тарихы, ұлы тарихи тұлғалар, халық мақалдары туралы сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түсті.

Іс-шара соңында командалар тәтті сыйлықтар мен мадақтамалармен марапатталды.

Галерея изображений