Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - жалпыұлттық игілік. 90 жылдан бері көркем табиғаттың бірегей бұрышы келушілерді қуантып, қоршаған ортамен үйлесімді қатынастарды үйренуге мүмкіндік береді.
Zoom платформасында музей қызметкері Қостанай қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне тақырыптық дәріс өткізді. Өлке табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету секторы бөлімінің маманы Наурызым қорығының құрылу тарихы мен табиғаттың қол тигізбеген бұрышындағы флора мен фаунаның ерекшеліктері туралы айтып берді.