Көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин Қазақстан тарихына қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы, мектептегі білім беру саласындағы қоғам қайраткері ретінде енді. Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Оқу-ағарту жолындағы ұстаздық ғұмыр» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме дайындады. Көрме музей қорынан алынған құжаттық материалдардан тұрады. Қазіргі уақытта көрме Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қойылған.
Осы тақырып бойынша жылжымалы көрмені қоюға өтінімдер 500-389 телефоны арқылы қабылданады.