Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай облысының бейнелеу өнері шеберлерінің «Менің жерім, менің Қазақстаным» атты қорытынды көрмесінің және «Менің Қазақстаным» атты облыстық пленэрге қатысқан суретшілердің көркемсурет туындылары көрмесінің ашылуы.

20.12.2016
Қостанай облысының бейнелеу өнері шеберлерінің «Менің жерім, менің Қазақстаным» атты қорытынды көрмесінің және «Менің Қазақстаным» атты облыстық пленэрге қатысқан суретшілердің көркемсурет туындылары көрмесінің ашылуы.

01

2016 жылдың 15 желтоқсанында картина галереясының екі экспозициясында мерейтойлық жылдың ең басты көрмесі - «Менің жерім, менің Қазақстаным» атты қостанайлық суретшілердің тақырыптық көркемсурет көрмесі және облыстық пленэр қорытындысы бойынша көрме ашылды. Екі көрме де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналды.

04

Көрмедегі экспозициялар жоғары көркемдік деңгейімен ғана емес, сан алуандығымен де тартымды. Кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын қостанайлық көрермендер тамашалай алады. Көрмеде 30 автордың 100-ге тарта туындылары ұсынылған. Олардың ішінде Н. Торшин, Г. Соков, С. Луговой, Ю. Новоселов, С. Шалунова, Н. Халифаева, Б. Баталова сынды танымал шеберлермен қатар, бейнелеу өнерінде қадамдарын жаңа бастап, өздерін көрсете білген В. Халдин, Н. Олексюк, Н.Долгушина сияқты суретшілер де бар.

02

Өтіп бара жатқан жылдың есте қаларлық оқиғасы Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында өткізілген өңіраралық пленэр болды, оған Қостанай авторларымен қатар Алматы қаласынан «Жұма» көркемсурет бірлестігінің мүшелері қатысты.

05

Екі көрмеде ұсынылып отырған туындылар өзінің туған өлкесін шексіз сүйіп, оны туындыларында бейнелейтін сыршыл суретшілердің шығармашылық тұлғасын аша түседі. Қазақстанның және облыстың адамдары мен табиғаты, туған жердің сұлулығы мен ұлылығы Қостанайдың бейнелеу өнері шеберлерінің жаңа туындыларында көрініс тапқан.

«Менің жерім, менің Қазақстаным» және «Менің Қазақстаным» көрмелері 1 ай бойы жұмыс істейді.

03