Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қолөнер құпиясы» қостанайлық шеберлердің көрме-байқауы

26.10.2021
«Қолөнер құпиясы»  қостанайлық шеберлердің көрме-байқауы

2021 жылы 22 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында қостанай шеберлері жұмыстарының «Қолөнер сиқыры» атты көрме-байқауының қорытындысы өтті. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

«Қолөнер құпиясы» көрмесін көрермендер толассыз тамашалады, әрі әр туынды күн сайын келген көрерменін тәнті етіп, әсерлі көңіл сыйлады. Көрермендер ыстық пікірлерін қалдырып, таңдау жасау өте қиын болса да белсенді дауыс беруге тырысты. Әрбір кестеленген туындының өзіндік сипаты және көркемдігі, орындалуы таңқалдырып, көрерменге эстетикалық сезім сыйлайды.

Көрменің бастамашысы және ұйымдастырушысы, «Квадрум» багет шеберханасының жетекшісі Александр Анатольевич Нам байқауды қорытындылап, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлық сертификаттарын табыстады.

Көрермен дауыстарының қорытындысы бойынша «Көрермен көзайымы» номинициясында жеңімпаз анықталды.

Барлық авторлар қатысушы дипломдарымен марапатталады.

Байқау қорытындысы:

1 орын- Вера Браун. «Махаббат құпиясы» жұмысы 

2 орын - НадеждВойцех а. «Аялдау үстінде» жұмысы

3 орын - Марина Рыдченко. «Лада» жұмысы

«Көрермен көзайымы» жүлдесі - Ирина Сомтемирова. «Күн батқан сәулелерде» жұмысы.