Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының ынтымақтастық меморандумға қол қоюы

26.10.2021
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының ынтымақтастық меморандумға қол қоюы

2021 жылдың 22 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК атынан басшысы С.Б.Бөрібаева мен «Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы» ММ атынан басшысы Е.Б.Қалмақов ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Аталған құжат тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қорғау және насихаттаудағы ынтымақтастыққа  негізделген. Экспедиция мүшелері Қостанай облысының материалдық емес мәдени мұрасы туралы бейнематериалмен танысып, Ждановка ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Б.Әбдібековтің жеке шаруашылығында болып, бие сауу, жылқының жем-шөбі, оларды баптау, қымыздың түрлері мен оның емдік қасиеті жөнінде сұхбат алды.