2021 жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Социалистік Еңбек Ері, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Қостанай қаласы және Қостанай облысының құрметті азаматы К.Б. Дөненбаеваның өмірі мен еңбек жолында жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі.
Кәмшат Байғазықызы бар ғұмырын Қостанай облысында өткізді. Ол 1943 жылы 15 қыркүйекте Ленин ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген. 14 жасынан Демьянов элеваторында жұмыс істеді, 1961 жылы 18 жасында тракторды меңгеріп, ұзақ жылдар еңбек етті. Республиканың және облыстың ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты.
1975 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алды, Ленин ордені және «Орақ пен балға» Алтын медалі қоса тапсырылды. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды, Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары, партия сьездерінің делегаты болды.
2013 жылдың 15 тамызындағы Қостанай облыстық мәслихатының 5 жиналысы кезектен тыс сессиясының шешімі бойынша К.Б. Дөненбаеваға «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
Әңгіме барысында К.Б. Дөненбаеваның музей қорындағы фотосуреттері мен құжаттары таныстырылды.