17 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бірегей археология» топтамасынан бір заттың кезекті көрмесі ашылды. Келушілер назарына Қостанай ауданындағы ортағасырлық Надеждинка 3 жерлеу орнынан табылған дөңгелек құйма айна ұсынылды.
Айна тұрмыста маңызды рөл атқарды. Бұл атрибутты жылтыр жағы қайтыс болған кісіге өлілер патшалығына баратын жолды жарықтандырсын және зұлым рухтарды жақындатпасын деген наныммен жерлестерінің бейітіне салатын болған.