Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Кестешілердің «Қолөнер сиқыры» көрме-байқауының ашылуы туралы жаңалық

15.06.2015
Кестешілердің «Қолөнер сиқыры» көрме-байқауының ашылуы туралы жаңалық

12 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының картина галереясында «Квадрум» багет шеберханасымен бірлесіп ұйымдастырылған кестешілердің «Қолөнер сиқыры» көрме-байқауы ашылды.

Көрмеге қойылған туындылар көркемдік шеберлікпен, өзіндік ерекшелікпен, нәзіктікпен, өрнектер мен бояулардың қайталанбастығымен таң қалдырады. «Қолөнер сиқыры» көрме-байқауына қостанайлық кестешілердің жарма және тығыз кестемен, маржанмен, баулармен кестеленген 64 жұмысы қойылған. Қостанайлық шеберлер өз туындыларында халықтық ғажайып өрнектер мұрасын дәстүрлі және қазіргі заманғы өнермен ұштастыра білген.

Кестешілердің қолынан шыққан тамаша туындылар ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. Көрмені тамашалаған көрермендер өзіне ұнаған жұмысқа дауыс бере алады. Байқау қорытындысы 2015 жылы 14 шілде де көрменің жабылу рәсімінде шығарылады.