2015 жылдың 5 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мүсінші, Петров Ғылым және өнер академиясының академигі Әділ Шотаевтың «Жастық шақ тынысы» атты дербес көрмесі ашылды.
Мүсінші Санкт-Петербург қаласында тұрады, шеберханасы да сонда, бұл көрменің салтанатты ашылуы - біздің қаламыздың өміріндегі елеулі оқиға.
Суретші ретінде Әділ Шотаевқа әйел сұлулығын нәзік ұғыну тән. Осы ұғымды ол өте шебер түрде мүсіншінің шексіз қиялынан туған бейнелерге ұластырады. Шебер «Руханилық, қиялға берілу және әсемдік – бәрі әйелдің сұлу тәніне жинақталған», - деп санайды. Мүсінші үшін ол әрдайым шабыт көзі және солай болып қала бермек.
Көрменің ашылуымен Әділ Шотаевты Қазақстан Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымының төрағасы Вадим Вячеславович Быков, Қостанайдың танымал суретшілері Николай Васильевич Торшин және Сергей Дмитриевич Луговой, мүсінші Серікжан Ищанов, картина галереясының меңгерушісі Сая Нұрлыбайқызы Қалинова, көркемсурет салонының меңгерушісі Лидия Петровна Маслюк құттықтады.
Динара Ысмағұлова испан биімен көрермендердің ықыласына бөленді. Көрменің салтанатты ашылуының қонақтары мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Қостанай суретшілері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Әділдің туыстары мен достары, шебер шығармашылығына бас июшілер болды.
Әділ Шотаевтың туындылары өнерді шынайы бағалайтын жандарды немқұрайды қалдырмайды.
Көрме қалың жұртшылыққа арналған және 2015 жылдың 11 тамызына дейін созылады.