Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Мұражайға 100 қадам» акциясын өткізудің жаңалығы

07.08.2015
«Мұражайға 100 қадам» акциясын өткізудің жаңалығы

2015 жылдың 7 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына «Мұражайға 100 қадам» акциясын өткізді.

Мұражайдан 100 адым жерде Лувр, Эрмитаж, Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы сияқты әлемнің танымал мұражайларына дейінгі арақашықтықтар белгіленген көрсеткіштер қойылды. Тілек білдірушілер Қостанай облысының бас мұражайына дейін алдын ала белгіленген 100 адымнан өтуі тиіс. Әрбір 10-адым айрықша белгіленеді, қатысушы мұражай тарихы, оның жәдігері туралы, мұражай жұмысының ерекшелігі жөнінде және облыстың, еліміздің және әлем мұражайлары туралы сауалдарға жауап береді.

Барлық 10 сұраққа дұрыс жауап берген акция қатысушылары мұражайға кіретін отбасылық абонемент пен сыйлыққа ие болды.