Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Мұражай түні - 2014» интерактивті акциясының жаңалығы

23.05.2014
Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Мұражай түні - 2014» интерактивті акциясының жаңалығы

1977 жылдан бері 18 мамырда бүкіл әлемде мұражай қызметкерлері Халықаралық мұражайлар күні – кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күні мұражайлар барлық келушілерге жаңа экспозицияларын және мәдени-ағарту жобаларын көрсетіп, ашық есік күнін өткізеді.

1997 жылдан бері мереке аясында арнайы мәдени «Мұражай түні» акциясы өтуде, бұл іс-шара мұражай қызметкерлерінің өзінің тұрақты жұртшылығымен үйреншікті емес жағдайда кездесіп және жаңа қауымның назарын өзіне тартуына тамаша мүмкіндік береді.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Мұражай түні – 2014» акциясының бағдарламасы толыққанды және алуан түрлі. Қалалықтар тұңғыш рет Қостанай қаласының қоғамдық мұражайларының жәдігерлерімен танысып, «Табиғаттың ғажайып кунсткамерасында» болды.

Мұражай түнінде қостанайлықтар өз болашағын ежелгі руналардан көрді, мұражай жәрмеңкесінде тамаша сауда жасап, әр дәуірдің керек-жарақтары бар фотосалонда суретке түсті және сайыс мектебінен сабақ алу мүмкіндігін пайдаланды. Әр адам қалауы бойынша көпес қоймасының құпиясын ашуға талпынды, бірақ оны епті де шапшаң адамдар ғана таба алды.

Мереке қатысушылары боди-арт сеансында болып, жаяужол астрономиясында телескоп арқылы аспандағы жұлдыздарды тамашалап, киіз үй ішіндегі шайханадан және түнгі кафетерийден шай ішті, алау басындағы бард әндерін тыңдап, «Шығармашылық ауласында» сәнді ұсақ-түйектер мен тұмарша-қуыршақтар дайындаудан шеберлік сабақтарына қатысты.

Іс-шараға қатысушылар: Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары, жергілікті және республикалық БАҚ журналистері.