Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Жанданған жәдігерлер» түнгі экскурсия – интерактивті акция

19.03.2021
«Жанданған жәдігерлер» түнгі экскурсия – интерактивті акция

2021 жылдың 18 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жанданған жәдігерлер» түнгі экскурсия – интерактивті акциясы өтті. Бұл түні музейге келушілер мен қонақтар әдеттегі экскурсиядан өзгеше, май шамның жарығымен музейдің бірінші қабатындағы экспозициялық залдарға шолу жасады. Киелі Қостанай-Торғай өңірінен шыққан Шақшақ Жәнібек, Ыбырай Алтынсарин, Амангелді Иманов сияқты ұлы тұлғалардың образдары сомдалды. Іс-шараға жиналған қонақтар ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы жәрмеңке саудасы және фотосалон қызметінің көрінісіне куә болды. Салт-дәстүріміздің айрықша ерекшеліктерін көрсететін «Қызға ұрын бару» секілді қойылымдар келушілерге ерекше әсер қалдырды. Түнгі экскурсия барысында ұлттық аспаптарда күй тартылып, ұлттық ойын түрлері көрсетілді.