Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Наурыз шуағы» күн сайынғы ақпараттық-танымдық музей акциясы

17.03.2021
«Наурыз шуағы» күн сайынғы ақпараттық-танымдық музей акциясы

Наурыз мейрамы мерекесінің басты мақсаты - қазақ жеріндегі бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаға деген құрметті қатынасты қалыптастыру . Қазақстанда Наурыз мейрамын 10 күн ішінде тойлау ұсынылды.
14 наурыз - "Көрісу күні"
15 наурыз - "Жайлау күні"
16 наурыз - "Шежіре күні"
17 наурыз - "Тарихқа тағзым күні"
18 наурыз - "Игі істер күні"
19 наурыз - "Шымырлық пен шеберлік күні"
20 наурыз - "Зияткерлік күні"
21 наурыз - "Ұлттық тағамдар күні"
22 наурыз - "Ұлыстың ұлы күні"
23 наурыз - "Жоралғы күні"
14-23 наурыз аралығында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Наурыз шуағы» жобасы аясында Қостанай қаласының көшелерінде күнделікті ақпараттық-танымдық акция өткізуде. Музей қызметкерлері қала тұрғындарына осы мерекелердің әрқайсысының мәні туралы айтып, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, Қостанай облысының көрнекті жерлері мен танымал жерлестері туралы ақпараттартар жазылып, суреттермен безендірілген буктемдерді, ашық хаттарды және кітап бетбелгілерні таратады.