Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Наталья Халифаеваның «Табиғат – әсемдік әлемі» атты дербес көрмесі ашылды. Өзінің 50 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған көрмеге автодың 100-ге жуық пейзаж, портрет және натюрморт туындылары қойылды. Қостанайлық суретші шабытының негізгі тақырыбы – табиғат және оның сұлулығы, бірегейлігі мен кемелдігі.
Наталья Халифаеваның дербес көрмесі қаңтар айының соңына дейін жұмыс істейді.