ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Астана күні қарсаңында Меңдіқара ауданындағы Архипов орта мектебінің оқушыларына «Нұр-Сұлтан – бейбітшілік пен армандар қаласы» атты саяхат-ойын онлайн режимде өткізілді. Іс-шара интеллектуалды ойын түрінде өтіп, қатысушылар өздерінің білімдерін көрсетіп, ой-өрістерін кеңейтіп, елордамыздың тарихына қатысты сұрақтарға белсенді жауап берді. Шара барысында балаларға Нұр-Сұлтан қаласының сәулет ескерткіштері, Шығыс пен Батыстың сәулет өнері мен өркениет сипатын сіңірген қаланың әсем ғимараттары слайд арқылы таныстырылды.