2021 жылдың 28 маусымынан 3 шілде аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Науырзым ауданына дәстүрлі мәдениет пен этнографияның сақталу деңгейін, ландшафт, флора және фаунаның жай-күйін бақылау мақсатында экспедицияға шықты.
Экспедиция барысында Науырзым ауданының қоныстану тарихы, қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғын үй құрылысының ерекшеліктері және жергілікті халықтың тұрмысы, флорасы мен фаунасы бойынша ақпараттар жиналды.
Музей экспедициясының жұмысы кезінде Қарамеңді селосындағы аудандық кітапханада ұлы ағартушы, педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Оқу-ағарту жолындағы ұстаздық ғұмыр» атты және «Тобыл жағалауындағы қала» атты жылжымалы фотоқұжатты көрмелер жұмыс істеді.