2022 жылы 2-4 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 90 жылдығына арналған «Музей педагогикасы: дәстүрлер мен инновациялар» халықаралық семинар-тренингіне және Қазақстан музейлерінің қорынан «Өткен мен болашақ арасында» атты құнды экспонаттар көрмесінің ашылуына қатысты. Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан бірегей жәдігерлер қойылды. Семинарға ҚР және РФ-ның музей қызметкерлері қатысты.
Аталған іс-шараға қатысушыларға халықаралық семинар-тренингке және «SММ базалық негіздері» курсын тыңдағанын растайтын сертификаттар берілді.