Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Өмір ұстанымы – денсаулық» «Салауатты өмірді қалыптастыру мәселелері орталығының» мамандарымен кездесу

09.04.2019
«Өмір ұстанымы – денсаулық» «Салауатты өмірді қалыптастыру мәселелері орталығының» мамандарымен кездесу

Дүниежүзілік денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бері дәстүрге айналды. Іс-шара адам өмірінде денсаулықтың қаншалықты қымбат екенін түсіну үшін өткізіледі. Денсаулықты күшейту және сақтау сұрағына жас ұрпақтың назарын аудару мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы» медициналық мекемесінің маманымен кездесу ұйымдастырылды. Қостанай қаласының №1 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары түсінікті түрде сергектікті, күш-қуатты, ептілікті сақтау және ұзақ өмір сүруге қол жеткізу туралы пайдалы ақпарат алды. «Денсаулыққа – жасыл жарық» Салауатты өмір салтының нышаны болып саналатын жасыл лентаны балалар бір-бірінін білектеріне байлады. Барлық қатысушылар қуаныш пен сергектік қуатын, көптеген жағымды эмоциялар алып, өз денсаулықтары жайлы ойланды және өз денсаулықтарының қамын оздерінен артық ешкім күте алмайтынын түсінді.