Көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл-қазына» атты республикалық дөңгелек үстелге қатысу туралы

06.09.2022
Көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл-қазына» атты республикалық дөңгелек үстелге қатысу  туралы

2022 жылдың 5 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы  Н.Қ. Оташева көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл - қазына» атты республикалық дөңгелек үстелге қатысты. А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы музейдің қор жиынтығы негізінде баяндама жасап,  мультимедиялық тұсаукесер көрсетті.

Дөңгелек үстелді Қарағанды агротехникалық колледжі мен  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп өткізді. Іс-шара облыс және аудан колледждерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушыларының қатысуымен онлайн түрде өтті.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін204   Кеше259   Бір аптаның ішінде1343   Айында463   Барлығы309621  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі