Қорық-музей 2018 жылы Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығы мен Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына 20 жыл толуына орай және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, еліміздің Астана, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Көкшетау қалалары мен Жамбыл облысының барлық аудандарында тақырыптық көшпелі көрмелерді өткізу жоспарлануда.
2018 жылдың 24 шілде күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ежелгі Тараздың қазыналары» атты археологиялық көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге келушілер назарына 266-дан астам көне жәдігерлер ұсынылған. Олардың қатарында түргештер заманынан қалған сырғалар, білезіктер, өзгеше әшекейлер, қолдан құйылған шырағдандар бар. Аталмыш көрме 24-28-ші шілде аралығында 4 күн жұмыс істейді.