2021 жылдың 19 қарашасында «Достық ағашы» ұлттардың мәдениетаралық диалогы және «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде түрлі халықтардың ұлттық кәдесыйларын жасау бойынша музей шеберханасы ұйымдастырылды. Шеберлік сабағында қатысушылар киізден кәдесыйлар жасап, қосымша оны тоқыма баумен және акрилді контурмен безендірді. Қуыршақтардың ұлттық киімдері қатысушылардың қиялдарына байланысты түрлі болды: пішіні, түсі, стилі. Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін «Достық ағашына» өздері жасаған кәдесыйларды іліп қойды.