«Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді» - Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай интерактивті акция

22.11.2021
«Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді» - Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай интерактивті акция

Жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісінде әлемнің көптеген елдері Халықаралық темекіден бас тарту күнін атап өтеді. Оның мақсаты – темекіге тәуелділіктің таралуын азайтуға көмектесу, темекінің адам денсаулығына зиянды әсері туралы қоғамды ақпараттандыру, алдын алу үдерісіне халықтың әртүрлі топтары мен барлық мамандықтағы дәрігерлерді тарту.

Темекіден бас тарту күні аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі психикалық денсаулық орталығының мамандарымен кездесу ұйымдастырды, олар темекі шегудің жағымсыз салдарына көңіл аудару үшін Мичурин жалпы білім беру мектебінің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық және тәрбиелік әңгіме өткізді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін17   Кеше352   Бір аптаның ішінде897   Айында17   Барлығы309175  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі