Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Белгілі қостанайлық суретші Николай Васильевич Торшиннің 85 жасқа толуына арналған «Шебердің жомарт қылқаламы» атты мерейтойлық дербес көрменің ашылуы

30.05.2022

2022 жылы 27 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі Николай Васильевич Торшиннің 85 жасқа толуына арналған «Шебердің жомарт қылқаламы» атты мерейтойлық дербес көрменің ашылуы өтті.  

Қостанай облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін қостанайлық атақты суретші Николай Васильевич Торшин бірнеше рет облыс әкімінің грамоталарымен марапатталған. Шығармашылық жолының әр жылдарында ол бірегей еңбегі үшін «Астана» медалімен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Елорда Суретшілер одағының «Құрмет» төсбелгісімен марапатталған. Қостанайлық суретші Николай Торшиннің бүкіл өмірі өнерге, Қостанай облысы мен Қазақстан Республикасының мәдениет саласын дамытуға қатысуға арналған.

 

Суретшінің көрмесі музейдің көрме залының екі қабатында орналасқан. Бұл бейнелеу өнеріндегі жарты ғасырдан астам еңбектің өзіндік шығармашылық есебі  іспеттес. Оның шығармашылық әрекетінің негізін құрайтын құрамдас бөліктердің бірі - оның дүниетанымын, ойын, сезімін барынша толық көрсететін пейзаж жанрына үнемі және үздіксіз жүгінуі. Көрермендер жеке көрмеде суретшінің табиғи бейнелерден алған әсерінен туындаған көркем станоктық шығармалар мен этюд композицияларындағы қостанай табиғатының барлық сұлулығы мен байлығын толықтай тамашалай алды.