Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2018 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның халық жазушысы, ақын Ғафу Қайырбековтің 90 жылдығына арналған «Сыршыл ақын» атты сазды- поэзиялық кеш өтті.
Кешке Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылық еңбегімен танысты, ақынның өлеңдерінен үзінділер оқылды. Іс-шара барысында ақын, режиссер Бақыт Қайырбековтың әкесіне арналған «Мен саған сәбимін» атты құжатты фильмі көрсетілді. Кеш соңында барлық қатысушылар ақынның сөзіне жазылған «Ана» туралы жырды бірге орындады.