Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ғани Баянның музейге табыстаған баға жетпес сыйы

12.07.2022
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ғани Баянның музейге табыстаған баға жетпес сыйы

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде алматылық танымал кескіндемеші, акварельші, біздің жерлесіміз Ғани Баймұқанұлы  Баян қонақта болды. Оның туындылары әлемнің көптеген музейлері мен жеке топтамалардың сәніне айналып, Қазақстан мен шетелде өткен көрмелерге қойылған. Өзінің жемісті шығармашылық қызметі жылдарында Ғани Баян көптеген жерлерде болса да, оны туған жерінің жылуы әрдайым шабыттандырған. Қостанай қаласының 140 жылдығы мен Ғани Баянның 70 жылдық мерейтойына орай ашылған «Акварель» атты жеке көрмесі Қостанайдың өнер сүйер қауымының жадында сақталған. Осы көрмеде автор музей қорына екі картинаны сыйға тартқан болатын.

Бейнелеу өнерінде өңірлік саланы дамытуға ат салысуға ниет білдіре отырып, Ғани Баян Қазақстанның кескіндеме және графика шеберлеріне музейдің көркемдік коллекциясын толықтыруды ұсынды.

Ғани Балмұқанұлының жанашырлығы мен әріптестерінің ықылас білдіруінің арқасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры танымал суретшілердің тамаша туындыларымен толықты. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенжебай Дүйсенбаевтың «Құмырамен натюрморт»; ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Түрікмен КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Шихдурды Орадовтың «Толғаныс. Түрікмен қызы»; ҚР Суретшілер одағының мүшесі Арсен Дәуітбаевтың «Кұмбел көрнісі»; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қайырбай Зәкіровтің «Естелік» литографиясы; ҚР Суретшілер одағының мүшесі Кенжегүл Баянованың  «Ағаштар» литографиясы; «Жігер» сыйлығының лауреаты, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Өркен Мамақованың «Қызылорда әуені». Ғани Баянның сыйға тартқан «Шырағдан ұстаған әйел» картинасы оның шығармашылық ұстанымын толығымен ашып, әлем күн немесе шамның жарығынан емес, жанымыздың сәулесінен нұрланатынын адамдарға жеткізуге ұмтылады.

 

Біз Баян Ғани Балмұқанұлына және оның үндеуіне жауап берген барлық суретшілерге баға жетпес тартулары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.