Қазақ халқының мәдениеті өте бай, оның ішінде ең маңызды орынды қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары алады. Онда ата-бабаларымыздың сан ғасырлық даналығы бар.
2022 жылдың 2 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында отбасындағы маңызды оқиғаларға байланысты қазақ халқының ең кең тараған әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: ат қою, бесік той, қырқынан шығару және тағы да басқалары туралы әңгімеледі.