Қарапайым қолөнер туындыларын жасауға арналған ең көп таралған материал - түрлі-түсті қағаз. Шынында да, қағазбен жұмыс істеу оңай ғана емес, сонымен қатар көңілді. Қағазбен жұмыс істеу бүлдіршіндердің саусақтары үшін керемет жаттығу. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Анаңа қуаныш сыйла» атты онлайн-шеберлік сабағын өткізді, онда түрлі-түсті қағаздан әдемі гүл шоғын жасау әдісі көрсетілді. Аналарға, әжелерге, мұғалімдерге немесе құрбыларға өз қолдарыңыздан 8 наурызға арналған бірегей сыйлық.
https://www.facebook.com/100014426732442/videos/1021459265011622/
https://www.instagram.com/tv/CL_KDUrApZ1/?utm_source=ig_web_copy_link